2025 жылдың 1 мамыр күні сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының 90 жылдығы мен Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында «Гүл Алматы. Flower city» фестивалінің концерті өтеді. Филармонияда 2022 жылы бастау алған бірегей жоба биыл дәстүрлі түрде төртінші жыл қатарынан өткізіледі. Фестивальдің мақсаты - еліміздегі балалар хорын дамытып, жас таланттардың танылуына ықпал ету.

Фестивальге қатысушылар:

 Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы, Көркемдік жетекшісі және бас дирижері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Бейімбет Демеуов

1.«Қоӊырау» кіші хоры

«Престиж» мектебі

Жетекшісі С.Политаева

Концертмейстер Л.Камысбаева

2.«Iскер» ұлдар хоры

№5 БММ

Жетекшісі С.Романов

Концертмейстер Н.Сиаманди

3.«Әлем» балалар хоры

№10 БММ

Жетекшісі Г.Миронова

Концертмейстер Д.Делеске

4.«Тұмар» балалар хоры

№5 БММ

Жетекшісі Ж.Капашева

Концертмейстер И.Иржанова

5.«Көкек» балалар хоры

№83 гимназия

Жетекшісі Н.Марченко

Концертмейстер Е.Чаким

6.«Көктем» балалар хоры

№1 БММ

Жетекшісі Н.Чечель

Концертмейстер Л.Гагарина

7.«Ақ тілек» ұлдар хоры

А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ

Жетекшісі Айнура Уалиханқызы

8.Арнайы қыздар хоры

А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ

Жетекшісі Бақберсін Әсел Ілиясқызы

Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына Қазақ және әлемдік классикалық музыка туындылары, халық әндерінің хормен өңделген нұсқалары, заманауи авторлық шығармалар, әртүрлі мәдени ұлт өкілдерінің музыкалық мұралары орындалады.

Фестиваль – тек концерт емес, бұл – балалар мен жасөспірімдердің бойындағы шығармашылықты оятатын, оларды сахна мәдениетіне, өзара достық пен ынтымаққа баулитын тәрбиелік мәні зор өнер мерекесі.

«Гүл Алматы» фестивалі — гүлденген Алматының мәдени өмірінің жарқын бейнесі. Халықтар достығы, бейбітшілік пен бірлік, дарынды жас ұрпақтың болашағына сенім — осы мерекенің негізгі идеясы.