2025 жылдың мамыр айының 2-ші жұлдызында сағат 19:00-де Жамбыл атындағы филармонияның үлкен залында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының «Жеңіс күні» атты концерті өтеді. Кешке келген Алматылық тыңдарман назарына Отан қорғаушыларға арналған әндер мен халық арасында аңызға айналған жауынгерлік марштар мен балладалар, қазақ халқының патриоттық рухын жеткізетін шығармалар ұсынылады.

Кеште Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы өнер көрсетеді. Көркемдік жетекшісі және бас дирижері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Бейімбет Демеуов.

Дирижер: Мәдениет саласының үздігі - Әсет Ахметов

Хормейстерлер: Алтынбек Жолдыбаев, Алмат Есімханов.

Концертмейстер - Асқар Күлшәріпов. Баян партиясы - Амандос Аралбеков.

Солистер: Мәдениет саласының үздігі - Асхат Абжатов,

Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары:

Дияр Нұрсұлтанов, Иван Прытков, Біржан Матанов, Назерке Абралы, Халид Орынқұл, Мирас Киньяров,  Мади Жүнісов, Мейіржан Караманов, Саид Масимов, Думан Райымбердиев.

Кеш бағдарламасында қазақстандық және шетелдік композиторлардың жауынгерлік рухтағы, патриоттық және лирикалық шығармалары орындалады:

Б.Алтаев  - «Жеңіс күні»

Муз: А.Пахмутова, сөзі: М.Львов - «Поклонимся великим тем годам»

Қ.Жүнісов  - «Егемен елім – Қазақстан»

Муз: К.Листов, сөзі: А.Сурков - «В землянке»

Р.Елебаев - «Жас Қазақ»

Е.Петербургский - «Синий платочек»

М.Төлебаев «Тос мені тос»

Р.Елебаев - «Жиырма сегіз панфиловшылар туралы ән»

Муз: А.Новиков, сөзі: Л.Ошанин - «Эх, дороги...»

М.Төлебаев - «Кестелі орамал»

Муз: А.Александров, сөзі: В.Лебедев-Кумач - «Священная война»

Муз: К.Молчанов, сөзі: К.Симонов - «Жди меня»

Муз: М.Блантер, сөзі: М.Исаковский - «Катюша»

Муз: А.Базанов, сөзі: К.Сатыбалдин -  «Жәмилә қарындас»

Муз: В.Соловьёв-Седой, сөзі: А.Фатьянов - «Соловьи»

Муз: К.Молчанов, сөзі: М.Львовский - «Вот солдаты идут»

Муз: Р.Боранбаев, сөзі: Қ.Жұмағалиев - «Батыр Бауыржан»

Муз: В.Соловьёв-Седой, сөзі: А.Чуркин - «Вечер на рейде»

Муз: В.Соловьёв-Седой, сөзі: А.Фатьянов - «Где же вы теперь, друзья однополчане»

Муз: Н.Богословский, сөзі: Е.Долматовский - «Лизавета»

Муз: А.Новиков, сөзі: Я.Шведов - «Смуглянка»

Муз: Я.Френкель,  сөзі: Р.Гамзатов - «Журавли»

Муз: В.Соловьёв-Седой, сөзі: А.Фатьянов -  «На солнечной поляночке»

Муз: И.Дунаевский, сөзі: Л.Ошанин - «Ехал я из Берлина»

Муз: Д.Тухманов,  сөзі: В.Харитонов -  «День победы»

«Жеңіс күні» атты концерттік кеш көрермендерді тарих парақтарымен сыр шерткен рухты әндер мен жүректі тербейтін композициялар арқылы Ұлы Отан соғысының ұмытылмас кезеңдеріне жетелейді. Бұл – тек музыкалық кеш емес, ұрпақ жадындағы жауынгерлер ерлігіне тағзым, бейбіт күннің қадірін ұғындыру сәті. Кеш барысында Мемлекеттік хор капелласының орындауында қазақ және шетел композиторларының жүрекке жылы, терең мағыналы шығармалары орындалады. Олар соғыс жылдарындағы сарбаздардың жан күйін, сағынышын, отансүйгіштік рухын, майдандағы және тылдағы батырлығын бейнелейді. Бұл концерт – ардагерлерімізге деген шексіз құрметтің, ерлікті ұлықтаудың және өскелең ұрпаққа тарихи жадымызды аманат етудің көрінісі.