2025 - жылдың 12- маусымында Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Катя Школьниктың «Уақыт туралы Манифест» атты иммерсивті мультимедиялық инсталляциясының ашылуы өтеді.

Бұл жаңашыл көрме дәстүрлі өнер түрлерінің шегінен шығып, келушілерге уақыт, адам назарын және өсіп келе жатқан виртуалды кеңістік арасындағы дамып келе жатқан қатынастар туралы ойлануға мүмкіндік береді, сонымен қатар тартымды және мультисенсорлы тәжірибе ұсынады.

«Бұл иммерсивті мультимедиялық инсталляция Уақыт ұғымын, қазіргі әлемдегі ең құнды ресурс ретінде, түсінуге бағытталған. Автор видео-перформанс және 3D art арқылы бүгінгі өмірдің ұстанымдары мен құндылықтарын түсіндіруге тырысады. Қазіргі заманғы адамды бізге қарапайым көрінетін мәселелерге назар аударуға шақырады, бүгінгі күнді қалай өткізуіміз керек деген көзқарастарды қайта ойластыруға талпынады», – деп атап өтті Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінің директоры Жұмабекова Гулаим Мұсағұловна.

Катя Школьник ұсынған экспозиция екі өзара байланысты бөліктен тұрады. Біріншісі – «Уақыт туралы Манифест» авторлық интерпретациясының видео-перформансы. Екіншісі – 3D видео-арт, мұнда Манифесттің негізгі идеяларының аллегориялық интерпретациясы ұсынылған. Бұл иммерсивті тәжірибенің ажырамас бөлігі – электроакустикалық инсталляция. Барлығы бірге физикалық және виртуалды арасындағы шекараларды жойып, көрермендерді суретшінің көзқарасына тереңірек тартатын орта құрады.

«Уақыт туралы Манифест» – адамзаттың сандық болмысына сыни зерттеу жүргізу, біздің назарымыздың құндылығы, виртуалды кеңістікдегі уақыт экономикасы және сандық әлемде қатысу мен тұрақтылықты анықтау мәселелерін көтеретін маңызды сұрақтар. Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде ұсынылған иммерсивті мультимедиялық инсталляция осы идеялармен эмоционалдық және интеллектуалдық деңгейде өзара әрекеттесудің бірегей мүмкіндігін ұсынады, заманауи көркемдік өзін-өзі білдіру шекараларын кеңейтеді.

«Мен Манифестте жазғандардың барлығын терең сезіндім және оны бөлісуде жауапкершілікті сеземін. Уақыт туралы Манифест – бұл жалпы адамдарға емес, әрбір жеке адамға арналған, өйткені уақыт, ақырында, әркімнің қолында бар жалғыз нәрсе», – дейді Катя Школьник. «Біз қанмен ағып жатқандай, уақытпен ағып барамыз және бұл – осы жобаның визуалды шешімінің кілті».

Жоба Банк ЦентрКредит, Samsung, Vendian, Innerlife компанияларының қолдауымен өтуде.