2026 жылғы 26 ақпанда сағат 19:00-де Үлкен залда ұлы австриялық композитор Вольфганг Амадей Моцарттың 270 жылдығына арналған «Амадей дарынының нұры» атты салтанатты концерт өтеді.
Бұл кеште тыңдармандар Моцарт музыкасының нәзік үйлесімі мен асқақ рухына терең бойлай алады. Классикалық мұраның жарқын үлгілерін танымал музыканттар мен халықаралық байқаулардың лауреаттары орындайды.
Концертке «Open Spain» халықаралық байқауының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Ермановтың жетекшілігіндегі Мемлекеттік ағаш үрмелі аспаптар квинтеті қатысады.
Сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанар Сулейманова (фортепиано) мен Аида Аюпова (скрипка) өнер көрсетеді. Фортепиано партиясын халықаралық байқаулардың лауреаты Асқар Кульшарипов орындайды.
Бағдарламаның вокалдық бөлімінде Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының солистері — Назерке Абралы (сопрано), Мұхтар Ахметов (тенор), Ержан Жұманиязов (баритон), Ақбота Серікболова (сопрано) — сахнаға шығады.
Концерт бағдарламасында:
-
Ре мажор сонатасы, К. 576
-
Соль минор аллегросы, К. 312
-
Скрипка мен фортепианоға арналған Си-бемоль мажор сонатасы, KV 454
-
Exsultate, jubilate кантатасынан «Аллилуйя»
-
Свадьба Фигаро және Волшебная флейта операларынан ариялар
-
Фортепиано мен үрмелі аспаптарға арналған ми-бемоль мажор квинтет (1784), KV 452
«Амадей дарынының нұры» концерті — бұл Моцарт музыкасының мәңгілік сұлулығын, рухани тазалығын және адамзат мәдениетіндегі айрықша орнын тағы бір мәрте сезінуге мүмкіндік беретін ерекше кеш.