Наурыз – көктем басы, күн шуағы төгіліп, тіршілікке жан бітер жаңа өмірдің жандануы. Бұл мезгіл – үміт пен шабыттың кезеңі. Ал 8 наурыз – нәзіктік пен сұлулықты дәріптейтін, әйелдер қауымы үшін ең сүйікті мерекелердің бірі! Бұл күннің айрықша символы – қызғалдақтар, ендеше көркем гүлдің құрметіне орай «ҚЫЗҒАЛДАҚТАР УАҚЫТЫ» атты жәрмеңкемізді ұсынамыз. Өйткені «Қызғалдақтар уақыты» – бұл сұлулықтың, қуаныштың пен ерекше сыйлықтардың мезгілі!

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, 2026 жылғы 27 ақпан мен 1 наурыз аралығы, Орталық көрме залында Орталық Азия қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді. Бұл шараға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстаннан келген талантты шеберлер қатысып, өз өнер туындыларын ұсынады.

Көрмеде сәндік-қолданбалы өнер туындылары мен қазақтың дәстүрлі қолөнер түрлерімен таныстырылып, эксклюзивті сыйлықтар – Қазақстан мен Орталық Азия шеберлерінің қолөнер бұйымдары қойылады. Қолөнер шеберлері келушілер назарына моншақтан, аң терісі мен былғарыдан, күміс пен табиғи тастардан жасалған авторлық әсем әшекейлерді, дизайнерлік киімдерді, керамикалық бұйымдарды, тоқыма және трикотаж өнімдерін, қолмен тоқылған кілемдерді, батик, гобелен, панно, картиналарды, интерьерге арналған заттарды, сандықшалар мен басқа да көптеген өнер туындыларын ұсынады.

Көрме-жәрмеңке шығармашылық пен сұлулыққа толы көктем мерекесінің ерекше атмосферасын сыйлайды. Әрбір келуші мұнда жай ғана кәдесый ғана  емес, шеберлерден жүрек жылуын сыйлайтын ерекше сыйлық тауып, қуаныш пен ұмытылмас әсерге бөленеді!

Сонымен қатар, үш күн бойы, сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін, жәрмеңке қонақтары қызықты шеберлік сабақтарына қатыса алады.

Құрметті өнерсүйер қауым!

Орталық музей сіздерді шығармашылықтың ерекше әлеміне еніп, жаңа дағдыларды меңгеріп, өз қолыңызбен бірегей туынды жасауға шақырады!

Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты:  сағат – 10.00 - 19.00-ге дейін.

Өтетін орны: Желтоқсан көшесі, 137/ Жамбыл көшесі қиылысы