2026 жылғы 19 маусым күні сағат 11:00-де Almaty Museum of Arts алаңында Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архиві Almaty Museum of Arts және ЮНЕСКО аясындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығымен бірлесіп, көрнекті қазақстандық ақын, жазушы, қоғам қайраткері, дипломат және ойшыл Олжас Омарұлы Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған «Олжас Сүлейменов: тұлға, дәуір, рухани мұра» атты шығармашылық кездесу өткізді.

Іс-шараның мақсаты архивтік фото және киноқұжаттар арқылы Олжас Сүлейменовтің көпқырлы тұлғасын ашып көрсету, оның шығармашылық жолын, қоғамдық қызметін, әдебиет, мәдениет, гуманитарлық ой және халықаралық мәдени диалогты дамытуға қосқан елеулі үлесін таныстыру болды.

Фотокөрмеде Олжас Сүлейменовтің өмірі мен қызметінің түрлі кезеңдерін бейнелейтін архивтік фотоматериалдар мен киноқұжаттар ұсынылды. Олар шығармашылық тұлғаның қалыптасуын, елдің әдеби және мәдени өміріне қатысуын, зиялы қауым өкілдерімен кездесулерін, қоғамдық және дипломатиялық қызметін, сондай-ақ рухани және мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлесін көрсетті.

Архивтік фото және киноқұжаттар келушілерге оның өмірбаянындағы маңызды кезеңдерді ғана емес, сондай-ақ рухани мұрасы қалыптасқан дәуірдің тынысын да кеңінен таныстырды.

Іс-шара архивтік құжаттарды насихаттауға, тарихи жадыны сақтауға, сондай-ақ қоғамның, жастардың, зерттеушілер мен мәдениет өкілдерінің Қазақстанның көрнекті қайраткерінің бай мұрасына қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

Іс-шара аясында көрменің салтанатты ашылуы, шақырылған қонақтардың сөз сөйлеуі, архивтік фото және киноқұжаттардың таныстырылымы, сондай-ақ фотокөрме бойынша шолу экскурсиясы өткізілді.

Аталған іс-шара Олжас Сүлейменов тұлғасына құрмет көрсетіп, оның Қазақстан тарихындағы мұрасын кеңінен насихаттауға арналған маңызды мәдени-ағартушылық оқиғаға айналды.