Жақында тәрбиеленушілеріміз үшін ерекше күн болды — олар Қазақ мемлекеттік циркінің ғажайып әлеміне сапар шекті. Бұл әсерлі іс-шара екіжақты меморандум аясында жүзеге асты.

Балалар III Халықаралық «Almaty Circus Festival» фестивалінің Гала-шоуын тамашалап, әлемнің 15 елінен келген цирк шеберлерінің өнерін көзбен көрді. Аренада шеберлік пен шынайы талант тоғысып, әрбір нөмір жүректі елжіретіп, қиялды жетеледі.

Бұл – тек өнер емес, бұл — сиқыр, шабыт, бала көңілге қанат бітірер ғажап әсерлер шоғыры болды.

Осы керемет мүмкіндік үшін Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Жаиков М.М. мырзаға алғысымыз шексіз.

Балалардың жүзіндегі шексіз қуаныш пен көздеріндегі жарқыл — барша еңбектің ең асыл жемісі.

@almatymadeniet
@circusalmaty.kz
@akimat_almaty