Әйгілі композитор, әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл. Осыған орай, сазгердің әндеріне негізделген, қазақстандағы тұңғыш JUKE BOX мюзикл жанрандағы "БАҚЫТ ҚҰШАҒЫНДА" киносы көрерменге жол тартты. Фильмде композитордың 12 әні шырқалады. Шығармалардың барлығы эстрадалық симфониялық оркестрмен сүйемелденеді.  6 айға жуық уақыт жазылған киноның сцеарийі махаббатқа негізделген. Киномюзиклда  заманауи Астанаға келген ғашықтардың хикаясы баяндалады.

Бұл фильм қазақ киносы тарихындағы тұңғыш JUKE BOX мюзикл, яғни, JUKE BOX бұл форматындағы картина осыған дейін болмаған және басты ерекшелік бұл жерде анаға құрмет, отбасы институты және көп киноларда әйел тағдыры ғана айтылады. Сонымен қатар, фильм нағыз ер азаматтың ішкі болмысы тұлға болып қалыптасуына қажетті дүниелер көтеріледі және менің ойымша көріп отырған адамда біраз өзіне ой салары сөзсіз.

Картинаны көрген кез келген адам өзіне өмірлік сабақ ала отырып, эстетикалық ләззат алатыны анық. Мұнда жас шектеуі жоқ, бұл киноға әрбір бала анасымен, әкесімен, атасымен, әжесімен, баласымен баруға болатындығы үлкен плюс деуге болады.

Назира БУРХАНОВА