РАХАТ FEST - Алматыда  жыл сайын  ашық аспан астында өтетін таңғажайып   музыкалық фестивальдердің бірі,  бірнеше жыл қатарынан бұл фестиваль  дәстүрлі түрде жазғы маусымды ашып,   жыл  өткен сайын қонақтар үшін ауқымды , қызықты әрі  жайлы бола түсуде.

2026 жылы фестиваль 23 мамырда  "Первомайские пруды"  демалыс базасының аумағында өтеді, бұл отбасылық демалысқа, музыкалық open-air және  іс-шараларға бай күндізгі бағдарламаға өте ыңғайлы  кең жасыл алаң.

Күні: 2026 жылғы 23 мамыр

Уақыты: 13: 00-ден 22:00-ге дейін

Орны: "Первомайские  пруды"  демалыс базасы, Алматы

Рахат FEST-бұл концерт ғана  емес. Бұл күні бойы  табиғат аясында болу деген сөз, мұнда  жанды музыка, гастрономия, демалыс аймақтары, балалар мен ересектерге  белсенділік танытуға  арналған аумақтар,  керемет жазғы рахатты сезінетін ерекше атмосферасы бар орын,  мыңдаған қонақ  фестивальге  дәл осы көңіл-күйді  тағы бір сезіну үшін келеді.  

Музыкалық бағдарлама

2026 жылы РАХАТ FEST  бас сахнасында танымал әртістер өнер көрсетеді:

  • Zivert
  • Fly Project
  • Raim
  • Dequine
  • 6elluci
  • Крейм Волшебник

Фестивальдің Line-up дәстүрлі түрде халықаралық және жергілікті әртістерді біріктіре отырып, әртүрлі жанрлар мен көңіл-күйлердің музыкалық диалогын жасайды.

Фестиваль форматы

РАХАТ FEST отбасылық фестиваль ретінде танымал, онда келген  әр қонақ өзіне  жайлы демалыс форматын таңдай алады.

 Бағдарламада:

  • үлкен концерттік сахна
  • әр түрлі тағамдар ұсынылатын  фудкорт
  • фотоаймақтар және арт-нысандар
  • табиғатта демалуға арналған чилл аймақтары
  • белсенділік танытуға арналған орындар  және шеберлік сыныптары
  • ауқымды балалар аймағы
  • конкурстар мен ұтыс ойындары
  • сахнаны ыңғайлы  орыннан тамашалуға арналған  VIP аймақ

Фестивальге  достарыңызбен, отбасы және балаларыңызбен демалуға лайық  қауіпсіз, кең  және достық сипаттағы  ахуал тән. 

Фестивальдің дамуы туралы

Негізі қаланғаннан бері РАХАТ FEST жыл сайын ауқымын кеңейтіп келеді: қонақтар, әртістер, белсенділік таныту  аймақтары мен инфрақұрылымдар саны артып келеді. Ұйымдастырушылар аудиторияның кері байланысына сүйене отырып, бағдарламаның жайлылығына, логистикасына және сапасына ерекше назар аударады.

Фестивальді ұйымдастырушы Sadu Media Group негізін қалаушының тікелей сөзі:

"Біз уақыт  өткен сайын  іріленіп келеміз,  бұдан артық болмайтын да шығар десек, жоқ, ұлғая түсудеміз! Әр жолы біз қонақтарға керемет мереке мен бақыт атмосферасын сыйлайтын   әлемі жеке, қала ішіндегі ойын-сауық қаласын жасап келеміз". Біз үшін әрбір қонақтың өзін жайлы сезінуі және  осында қайта оралғысы келетіні маңызды. Рахат-біз бірге туғызатын рахат сезім".

Билеттер

Билеттер қазірдің өзінде ашық сатылымда.

Барлық санаттағы билеттер, оның ішінде VIP билеттер де: zakazbiletov.kz және "Давай сходим!" платформаларында қолжетімді.