Әуе шарлары фестивалі биыл да жаздың ең жарқын әрі есте қаларлық оқиғаларының бірі болмақ. Қонақтарды жан-жақты әрі мазмұнды бағдарлама күтеді: аниматорлар, батуттар және шығармашылық шеберлік сабақтары бар балалар аймағы, 21+ арнайы кеңістік, үлкен фудкорт, кемпинг және басты сахнадағы қызықты ойын-сауық бағдарламасы.
Фестивальдің ең әсерлі сәті — ондаған әуе шарларының аспанға көтерілуі. Бұл көрініс аспанды түрлі түске бояп, нағыз мерекелік атмосфера сыйлайды.
Фестиваль директоры Наталья Расторопнова атап өткендей, ұйымдастырушылар әрбір қонақтың жайлы демалып, ерекше әсер алуын қамтамасыз ету үшін барлық жағдайды қарастырған. Сонымен қатар, бұл шара — әуе шарымен ұшу арманын жүзеге асырып, ұмытылмас естеліктер жинауға тамаша мүмкіндік.
Билеттер sxodim.com және ticketon.kz сайттарында сатылымда.