Freedom Кино мен ТВ онлайн-кинотеатры әлемге танымал әрі көрерменнің ықыласына бөленген «Сүлеймен Сұлтан» түрік сериалының қазақша нұсқасын ұсынды. Қазақ тіліндегі дыбыстауда туынды «Сүлеймен Сұлтан» деп аталады. Осылайша, әлемге танымал ең үздік тарихи драмалардың бірі тұңғыш рет видеостриминг сервисінде қазақ тілінде сөйледі.  Эксклюзивті жоба тек Freedom Кино мен ТВ көрермендеріне ғана қолжетімді.

«Сүлеймен Сұлтан» — Сұлтандардың сұлтаны атанған Сүлейменнің өмірі мен Осмaн империясының дәуірлеген шағын баяндайтын ауқымды тарихи драма. Сюжет желісі билік жолындағы тартыс, шынайы махаббат, саяси интригалар мен тарихты өзгерткен тағдыршешті шешімдер төңірегінде өрбиді.

Жалпы саны 4 маусым мен 139 бөлімнен тұратын туынды дүниежүзін баурап, ел аузында жүрген туындыға айналды. Әлемнің ондаған елінде көрсетіліп, жүздеген миллион көрерменнің жүрегінен жол тапқан бұл жоба өз заманының бірегей телевизиялық феноменіне айналды. 

Түркияда көрсетілім жүріп жатқан уақытта сериал рейтингтердің көшін бастап тұрды. Уақыт өте келе жобаның айналасына ТМД, Таяу Шығыс, Еуропа және Латын Америкасы елдерін қамтитын үлкен халықаралық жанкүйерлер қауымдастығы қалыптасты.

Осыған дейін сериал әлемнің түрлі елдерінде теледидар арқылы көрсетілген болса, оның қазақ тіліндегі нұсқасы тұңғыш рет цифрлық форматта жарық көріп отыр. Енді қазақстандық көрермендер бұл аңызға айналған хикаяны өз ана тілінде, кез келген уақытта онлайн форматта тамашалай алады.

Жобаны жергілікті көрерменге бейімдеу барысында дыбыстау сапасына ерекше мән берілді. Қазақша дыбыстауды кәсіби дубляж актерлерінен құралған топ орындап шықты. Бұл туындының түпнұсқасындағы сезім тереңдігін сақтауға, сонымен қатар кейіпкерлердің мінез-құлқы мен болмысын отандық көрерменге барынша нақты әрі табиғи жеткізуге мүмкіндік берді.

«“Сүлеймен Сұлтан” — Түркия шекарасынан асып, әлдеқашан жаһандық бұқаралық мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналған бірегей сериалдардың бірі. Бұл туындыны бүтін бір әулет болып тамашалап, бірнеше буын өкілдері жарыса талқылады, ал оның кейіпкерлері аңыз адамдарға айналды. Сондықтан жобаның қазақ тіліндегі нұсқасын жарыққа шығару — біз үшін жай ғана контент аудару емес, бұл Freedom Кино мен ТВ аудиториясы үшін керемет мүмкіндік.

Біз бұл туындыны ана тілімізде сапалы, заманауи әрі жанды дыбыспен сөйлетуге тырыстық. Ондағы мақсат — сериалдың әрбір сахнасы жергілікті аудиторияға түсінікті болуы еді», — деп атап өтті Тимур Баиров.

Сериал эксклюзивті түрде Freedom Кино мен ТВ-да қолжетімді.

https://freedombank.onelink.me/WNLd/3bcycpxk