2026 жылғы 15–16 тамызда Алматыдағы «Спартак» стадионында Спорт күніне орайластырылған «СПОРТИВНАЯ ЛИГА» халықаралық спорт фестивалі өтеді. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, шараға кемінде 5 мың қатысушы мен қонақ келеді деп жоспарланып отыр.

Фестиваль кәсіби спортшылар мен әуесқойларды, спорт клубтары мен федерацияларының өкілдерін, қоғамдық ұйымдарды, балалы отбасыларды және белсенді өмір салтын ұстанатын барша азаматтарды бір алаңға жинайды.

Екі күн бойы стадион аумағында үздіксіз бағдарлама ұйымдастырылады. Қонақтар түрлі спорт түрлерінен жарыстарды, шеберлік сабақтары мен көрсетілімдерді, әр жастағы адамдарға арналған спорттық және сауықтыру белсенділіктерін тамашалай алады. Сондай-ақ интерактивті алаңдар, жүлделердің ұтыс ойындары және шақырылған қонақтардың өнер көрсетуі жоспарланған.

Фестиваль бағдарламасының ерекше бөліктерінің бірі — жаппай Sound Healing дыбыстық практикасы болмақ. Сонымен қатар ұйымдастырушылар Қазақстанның екі рекордын орнатуды жоспарлап отыр.

Бірінші рекорд — «СПОРТИВНАЯ ЛИГА» халықаралық спорт фестиваліндегі ең көп адам қатысқан Sound Healing дыбыстық практикасы. Екінші рекорд — «СПОРТИВНАЯ ЛИГА» халықаралық спорт фестивалінде спорттық, сауықтыру және ойын-сауық іс-шараларын нон-стоп форматында үздіксіз өткізудің ең ұзақ уақыты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің басты мақсаты — адамдарды спорт төңірегіне біріктірумен қатар, дене белсенділігі мен салауатты өмір салтының маңыздылығына назар аудару.

«Спорт — қоғамды біріктіретін қуатты күш. Ол адамдарды жаңа жетістіктерге шабыттандырып, ұлт денсаулығын нығайтуға және белсенді өмір салты мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді», — дейді ұйымдастырушылар.

«СПОРТИВНАЯ ЛИГА» фестивалі 15–16 тамызда Алматыдағы «Спартак» стадионында өтеді. Бағдарлама әр жастағы қонақтарға арналған спорттық, сауықтыру және ойын-сауық бағытындағы түрлі белсенділіктерді қамтиды.