Жеңілдікпен несиелеуді көздейтін бұл бағдарлама аясында «Bank RBK»-ге де 4,3 млрд теңге салдық.
«Даму-Өндіріс» бағдарламасы экономиканың басымдық берілген салаларындағы өңдеу өнеркәсібі мен өңдеу өнеркәсібіне қызмет көрсететін салаларды қолдауға арналған.
Бағдарламаға қатысу шарттары:
- Максимал сома - 3 млрд 600 млн теңгеге дейін (тамақ өнеркәсібі саласында лимит жоқ)
 - Несие мерзімі - 10 жылға дейін
 - Пайызы - жылына 6%-дан аспайды
 - Сала - басымдық берілген салалар тізбесі бойынша
 
Несие алу үшін 7888 нөмірін теріп, «Bank RBK»-ге хабарласу керек.
Бағдарлама шарттары жайлы толығырақ білу үшін Қордың өз өңіріңіздегі филиалына немесе 1408 қысқа нөмірі бойынша колл-орталыққа хабарласуға болады. Басымдық берілген салалар тізімі damu.kz сайтымызда бар.