Алматы қаласында 60-тан астам отандық өндірушінің басын қосқан «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік көрме-байқауы өтті. Іс-шара отандық өнімнің үздік үлгілерін таныстыруға, кәсіпкерлер арасында тәжірибе алмасуға және қазақстандық брендтерді насихаттауға арналған маңызды алаңға айналды.

Байқаудың ашылуына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов пен Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Шыңғысхан Маманов қатысты. Олар өз сөздерінде отандық өндірісті қолдау, өнім сапасын арттыру және бәсекеге қабілетті кәсіпкерлікті дамыту мәселелерінің маңыздылығына тоқталды.

29062026 01

Көрме барысында қатысушылар азық-түлік өнімдерін, халық тұтынатын тауарларды, өндірістік мақсаттағы өнімдерді және Алматыда өндірілген жергілікті брендтердің өнімдерін таныстырды.

Көрменің басты оқиғасы «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды. Жеңімпаздар Алматы қаласының атынан республикалық кезеңде бақ сынайды.

Байқау жеңімпаздары:

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша:

  • «БСФ» ЖШС;
  • «Bakarassov» концерні» ЖШС;
  • «СК Рахат» ЖШС.

29062026 022

«Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясы бойынша:

  • «Қазақстандық құбыр жүйелері» ЖШС;
  • «Жигалма» ЖШС;
  • «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС.

«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша:

  • «Qulpynai Production» ЖШС;
  • «Камертон» компаниясы» ЖШС;
  • «ЛОТТЕ Рахат» АҚ.

Іс-шара аясында «Бір ауыл – бір өнім» жобасының көрмесі де ұйымдастырылып, оған Алматы қаласының 40 жергілікті өндірушісі қатысты. Келушілер жергілікті шикізаттан дайындалған қолөнер бұйымдарымен, тағам өнімдерімен және қазақстандық кәсіпкерлер шығарған бірегей тауарлармен танысты.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы жергілікті ресурстар негізінде жоғары қосылған құны бар өнім өндіретін шағын және орта бизнес субъектілерін қолдауға, жергілікті өндірісті дамытуға және өңірлік брендтерді ілгерілетуге бағытталған.

Сарапшылар комиссиясының бағалау қорытындысы бойынша «Бір ауыл – бір өнім» жобасының 20 жартылай финалисі анықталды. Оларға салтанатты түрде дипломдар табысталды. Марапаттау рәсімін Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» Басқарма төрағасының орынбасары Жеңіс Тайшытаев өткізді. Жартылай финалистер жобаның келесі кезеңдерінде өз бақтарын сынайтын болады.

«Қазақстанның үздік тауары» байқауы жыл сайын отандық өндірісті дамытуға, қазақстандық өнімнің сапасын арттыруға және ұлттық брендтерді кеңінен насихаттауға өз үлесін қосып келеді. Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары Алматы қаласының атынан республикалық кезеңде өнер көрсетеді.