2025 ж. 12 сәуірде ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігінің Саяси ынтымақтастық басқармасының басшысы А. Аренова "Си Синхай ескерткішін және ескерткіш алаңын жаңалау мен деңгейін жоғарылату жобасының" басталу рәсіміне "IntercontinentalAlmaty" қонақүйіндегі салтанатты шарасына Си Синхай композитордың 120 жылдығына және Екінші Дүниежүзілік Соғысының аяқталуына, Ұлы Жеңісінің 80-жылдығы мен ұлы тұлғаның туған Гуанчжоу қаласына арналған көрмесіне құрметті қонақ ретінде қатысты.
Кездесу барысында Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас Консулы Цзян Вэй ханымы, Қытай Халық Республикасының Гуанчжоу Коммунистік партиясы Тұрақты Комитетінің мүшесі және Гуанчжоу қалалық партия Комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі Ду Синьшань мырза, Алматы қалалық Мәдениет басқармасы бастығының орынбасары міндетін атқарушы А.Халбеков құттықтау сөз сөйледі.
Шараның құрметті қонағы – қазақ композиторы, Си Синхайдың досы, Бақытжан Байқадамовтың қызы – Айгүл Бақытжанқызы Байқадамова, аты аңызға айналған генерал-майор Иван Панфиловтың немересі қатысты.
Шара аясында Си Синхай ескерткішін қалпына келтіру жобасының басталуы мен саябақ аймағындағы алаңын қалпына келтіруге арналған лента қию рәсімі өтті.
Шараға Қытай Халық Республикасының Шетел тіліндегі әдебиеттерді басып шығару және тарату Басқармасының Халықаралық байланыстар Орталығының Бас редакторының Орынбасары Ин Цзе ханым модераторлық етті. Ол композитор Си Синхайдың туған жері Қытай мен Гуанчжоу аймағының көрікті жерлерін, мәдениетін, өнерін, ғылымын және жаңа технологияларын ашатын жаңа кітаптардың, көркем және іскерлік әдебиеттердің, анықтамалықтар мен энциклопедиялардың, фотоальбомдар мен журналдардың тұсаукесер рәсімін өткізді.
Сондай-ақ, "Гуанчжоу Синьхуа" Тобының Әдебиеттерді шығару және тарату Басқармасы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Қытай мәдениеті мен әдебиеті Залына Қытай және Гуанчжоу туралы кітаптарды сыйға тартты.
Сондай-ақ шарада Қазақстан Ассамблеясының мүшесі, «Қазақстан Республикасының Бейбітшілік қоры» Алматы қалалық қайырымдылық қоғамдық қорының төрағасы, «ШАЙХ» Шығармашылық шешімдер агенттігінің бас директоры Қазыбек Әлтайұлы Шайх, Си Синхай ескерткішінің авторы, мүсінші Мартемьянов, ҚР Ұлттық Кітапхананың өкілі сөз сөйледі.
Қазақстан Журналистика Академиясы