3 мамыр 2025 жылы Алматы қаласы Білім басқармасының бастамасымен Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері, «Алтын жұлдыз», «Отан» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері Миразова Аягүл Төреқызы атындағы математика пәні мұғалімдеріне арналған тұңғыш І қалалық олимпиада өтті.

Мақсаты:

  • математика пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді анықтау, оларды қолдау және көтермелеу;
  • математика пәні мұғалімдерінің қоғамдық имиджін арттырып, бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру;

Аудандық кезеңге 112 мұғалім қатысып, 22 мұғалім қалалық кезеңге өткен болатын.

Олимпиада нәтижесі

Бас жүлде Збайрадинова Айғаным Сәбитқызы - Медеу ауданы

№161 лицей

І орын

Абухан Нұржан Нұрғалиұлы - Бостандық ауданы  №92 мамандандырылған лицей

ІІ орын

Өмірзақ Мағжан Қалымжанұлы - Алмалы ауданы С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандырылған лицей

Шынарбек Еркегүл - Наурызбай ауданы №208 мектеп гимназия

ІІІ орын

Туребаев Бекназар Ерболұлы - Алмалы ауданы №90 мамандандырылған мектеп-лицей

Акперов Нурлан Кадырханович - Бостандық ауданы №165  мамандандырылған лицей

Дәулетбай Шуақ - Әуезов ауданы №139 мектеп гимназия

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

XXI ғасыр –білім ғасыры. Еңсесі биік егеменді елдің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал ұл-қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер!