«Мисс Қазақстан» ұлттық сұлулық байқауының қатысушылары INFINITI автомобиль брендімен бірлесіп ұйымдастырылған арнайы іс-шараға қатысты. Кездесу аясында қыз-келіншектер премиум санаттағы автомобильдер әлемімен жақынырақ танысып, брендтің философиясы мен негізгі құндылықтары туралы ақпарат алды.

Іс-шараның басты назарына INFINITI брендінің флагмандық моделі – INFINITI QX80 сән-салтанатқа негізделген толық өлшемді жол талғамайтын көлігі ұсынылды. Қатысушыларға автомобильдің ерекшеліктері, дизайны, техникалық мүмкіндіктері, заманауи технологиялары мен жайлылық деңгейі таныстырылды. Әсіресе көліктің кең әрі жайлы салоны, заманауи жабдықталуы және жолдағы сенімділігіне назар аударылды.

Кездесудің негізгі бөлігі тест-драйвқа арналды. Байқауға қатысушылар INFINITI QX80 көлігін өздері тізгіндеп, оның жолдағы жүрісін, басқару ерекшеліктерін, динамикасы мен жайлылығын тәжірибе жүзінде бағалауға мүмкіндік алды. Бұл оларға автомобильдің техникалық сипаттамаларын сырттай танып қана қоймай, премиум санаттағы көліктің мүмкіндіктерін жеке сезінуге жол ашты.

Іс-шара барысында «Мисс INFINITI» атты арнайы номинация да таныстырылды. Аталған номинация байқауға қатысушылардың арасынан өзіндік болмысымен, шығармашылық қабілетімен және ерекше көзқарасымен көзге түскен аруды анықтауға бағытталған. Осы атаққа үміткер қыздар арнайы шығармашылық тапсырма орындап, өздерінің креативтілігі мен даралығын көрсетуі тиіс. «Мисс INFINITI» номинациясының иегері «Мисс Қазақстан» ұлттық байқауының финалында жарияланады.

Бағдарлама аясында қатысушыларға іс-шара серіктестерінің арнайы сыйлықтары да табысталды. Олардың қатарында Limba Cosmetics, Safia Bakery, Mimisu Water, Mesoestetic және Soju Good Day брендтері бар.

INFINITI ресми дистрибьюторымен жүзеге асқан бұл серіктестік «Мисс Қазақстан» байқауының қатысушылары үшін жаңа тәжірибе мен әсерге толы кездесу болды. Сонымен қатар іс-шара аруларға автомобиль индустриясындағы премиум сегменттің ерекшеліктерін танып, INFINITI брендінің әлемімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

Осылайша, «Мисс Қазақстан» байқауының финалына дайындық кезеңі аясындағы кездесу қатысушылар үшін тек таныстыру бағдарламасы ғана емес, сонымен бірге шығармашылық әлеуетін көрсетуге және жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын ерекше оқиғаға айналды.

Назира Бурханова