Наурызбай ауданы үшін маңызды көлік жобасы – «Қалқаман» метро бекетінің құрылысы аяқталуға жақын. Бүгінде нысанның құрылыс дайындығы 99%-ды құрайды.
Қазір станцияда соңғы құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысанды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

«Бұл – аудан тұрғындары үшін қоғамдық көліктің жаңа әрі жылдам түріне қолжетімділікті арттыратын маңызды жоба. Метро іске қосылғаннан кейін тұрғындардың қала орталығына және Алматының басқа аудандарына қатынауы жеңілдейді.» - деп толықтырды аудан әкімі Назира Тоғызбаева.

Сонымен қатар, алдағы уақытта метро желісін «Барлық» базары бағытына қарай жалғастыру жоспарланып отыр. Бұл бағытта тағы үш станция салынбақ.

Жобалардың жүзеге асуы Наурызбай ауданындағы көлік қатынасын жақсартып, жолдарға түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі