Алматы спортшылары Олимпиада мен Азия ойындарына жан-жақты дайындалып жатыр
2026 жылы Алматы спортшылары ең үлкен халықаралық жарыстарға, соның ішінде XXV Қысқы Олимпиада ойындары мен Жазғы Азия ойындарына дайындықты бастап кетті. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Дархан Нұрханұлы осылай деді.