«Көлсай көлдері» ұлттық паркі өрттен дін аман
Жыл басынан бері «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде бірде-бір орман өрті мен ағашты заңсыз кескен оқиға тіркелген жоқ. Өңірлік коммуникациялар қызметінде ұлттық парк директорының міндетін уақытша атқарушы Мақсат Әлімқұлов осылай деп мәлімдеді.