Алматы қаласының Мемлекеттік архиві: цифрлық трансформация және тірі тарих
Алматы қаласының Мемлекеттік архиві елдің тарихи-мәдени мұрасын сақтаудағы негізгі қорлардың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда архивте 2 139 қор сақтаулы, оның ішінде 145-і жеке тектік қорлар. Аталған қорлардың құрамында 1860–2025 жылдар аралығын қамтитын 1 342 975 сақтау бірлігі бар.