Өңірлік коммуникациялар қызметі Жетісу ауданының әкімі Ләззат Жылқыбаевамен бірлесіп баспасөз турын ұйымдастырды. Онда журналистерге биыл ауданда жүзеге асып жатқан негізгі абаттандыру жобаларын таныстырып, қоғамдық кеңістікті дамыту мен қалалық ортаны жақсартуға бизнестің қалай үлес қосып жатқанын баяндап берді.

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой информации продемонстрировали ключевые проекты благоустройства, реализуемые в районе в текущем году, а также рассказали о развитии общественных пространств и участии бизнеса в улучшении городской среды.

Алматыда Сағадат Нұрмағамбетов атындағы құрлық әскерлері әскери институтына оқуға қабылдап жатыр. Оқуға түсудің шарты, білім алудың артықшылығы мен болашақ офицерлерге қандай мүмкіндік берілетінін институт бастығының бірінші орынбасары Қайрат Серкебаев баяндады.

В Алматы продолжается приемная кампания в Военный институт Сухопутных войск имени Сағадата Нұрмағамбетова. Об условиях поступления, преимуществах обучения и перспективах для будущих офицеров рассказал на брифинге первый заместитель начальника института Кайрат Серкебаев.

Қорғаныс министрлігінің әскери-инженерлік радиоэлектроника мен байланыс институтында оқуға құжат қабылдап жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында институт бастығының орынбасары, полковник Ойрат Атыкенов оқуға түсудің қағидалары, сұранысқа ие мамандық пен әскери білім берудің артықшылығы туралы баяндады.

В Военно-инженерном институте радиоэлектроники и связи Министерства обороны Республики Казахстан продолжается прием документов на обучение. О правилах поступления, востребованных специальностях и преимуществах военного образования на площадке Региональной службы коммуникаций рассказал заместитель начальника института, полковник Ойрат Атыкенов.

Алматыда мемлекеттік органдардың өкілдері, ғылыми қауымдастық, қоғам қайраткерлері мен сарапшылардың басын қосқан «Заманауи қоғамдық құндылықтар жүйесі: басымдықтар мен даму келешегі» атты дөңгелек үстел өтті. Қатысушылар технологиялық өзгерістер қарқынды жүріп жатқан, құқықтық мемлекет нығайып, азаматтық қоғам қалыптасып отырған кезеңде Қазақстанның дамуына негіз болатын құндылықтарды талқылады.

В Алматы состоялся круглый стол «Система ценностей современного общества: приоритеты и перспективы развития», объединивший представителей государственных органов, научного сообщества, общественных деятелей и экспертов. Участники обсудили, какие ценности должны стать основой развития Казахстана в условиях стремительных технологических изменений, укрепления правового государства и формирования гражданского общества.

Жаз басталғалы бері Алматыда қарбыз бен қауын жеп уланған бірде-бір адам тіркелген жоқ. Зертханадағы тексеріс кезінде де бақша өніміндегі нитраттың рұқсат етілген деңгейден асып кетпегені анықталды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова осылай деді.

С начала летнего сезона в Алматы не зарегистрировано ни одного случая пищевого отравления, связанного с употреблением арбузов или дынь. Лабораторные исследования бахчевой продукции также не выявили превышения допустимого уровня нитратов. Об этом на пресс-конференции Региональной службы коммуникаций Алматы сообщила заместитель руководителя городского Департамента санитарно-эпидемиологического контроля Асель Калыкова.