Алматыдағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарына 18 мыңнан астам зейнеткер қатысады
Алматыда қарт адамдардың денсаулығын сақтап, белсенді өмір салтын ұстануына, жаңа білім алуға және қоғам өміріне белсене араласуына мүмкіндік беретін Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының желісі қарқынды дамып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Орталық директоры Сәуле Бекетаева жан-жақты айтып берді.